Рудный қаласында есірткі саудасымен айналысатын адамдар арасында ішкі жанжал туындап, бірін бірі аяусыз ұрып-соққан видео тарады. Бұл туралы egov.press Telegram арнасы хабарлады, деп жазады ult.kz.
Есірткі саудагерлері өздерін жазасыз сезініп, өз қызметкерлерінің бірін аяусыз ұрған. Сондай-ақ олар болған оқиғаның видеосын әлеуметтік желілерде жариялаған.
Ақпарат авторлары бұл деректерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне жолдағанын мәлімдеді.
Айта кетейік, Қазақстанда есірткіге байланысты қылмыстар үшін заңнамада 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.