Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге қасиетті мекенге барды

Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге қасиетті мекенге барды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әнші Төреғали Төреәлі жұбайымен бірге қасиетті Меккеге барып, Қағбаның алдында жасаған дұғасын көпшілікпен бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында тәубе, кешірім және жүрек тазалығы туралы әсерлі жазба жариялады. Әнші қасиетті мекенде тұрып, Алладан күнәларының кешірілуін және жүрегінің тура жолдан таймауын тілеген.

"Тәубе – өткенге өкініп қана қою емес, жүректі Аллаға қайта бұру. Қағбаның алдында тұрып, бар жүрегіммен бір ғана тілек тілеймін: Алла жүрегімізді тазартып, күнәларымызды кешіріп, тәубемізді қабыл етсін. Я, Раббым, мені өзіңе жақындат, жүрегімді тура жолдан айырма", - деп жазды Төреғали Төреәлі.

Әншінің бұл жолғы сапары жұбайымен бірге өтуімен де ерекшеленді. Өнер иесі қасиетті мекеннен жариялаған жазбасында рухани тазару мен тәубенің маңызына тоқталған.

Айта кетейік, Төреғали Төреәлінің тағы бір жазбасы ел назарына ілікті. 

Төреғали Төреәлі кім?

Төреғали Төреәлі – қазақстандық танымал эстрада әншісі, ән авторы және «Ұлы дала баласы» деген атпен көпшілікке танылған өнер иесі. Ол 1992 жылы 14 қазанда дүниеге келген. Әнші қазақ эстрадасында өзіндік орындау мәнерімен және лирикалық әндерімен ерекшеленеді.

Төреғали Төреәлі «Алло», «Бол жанымда», «Бір түрлі қыз» сынды әндері арқылы тыңдарман ықыласына бөленген. Өнер иесі еліміздің түрлі өңірлерінде жеке концерттерін өткізіп, шығармашылық жобаларға қатысып келеді.

Әншінің жұбайы – Толқын Тұрарбекқызы. Ерлі-зайыптылар көпбалалы отбасы ретінде де көпшілікке белгілі. Төреғали Төреәлі шығармашылығымен қатар, жеке өмірі мен әлеуметтік желідегі жазбалары арқылы да жиі жұрт назарында жүреді.