Танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі кезекті жазбасымен көпшіліктің назарын аударды. Ол ақша мен бақыттың арақатынасына қатысты астарлы пікірін жариялады, деп хабарлайды ult.kz.
Дархан Мұсаев Instagram желісіндегі жеке парақшасында табиғат аясында түсірілген бейнежазбасын бөліскен. Видеода оның таулы аймақта серуендеп жүргенін көруге болады. Ал бейнежазбаның бетіне жазылған сөз көпшілікті ойландырды.
"Ақша бақыт емес дейді, бірақ ақшасыз бақытты болудың жолын айтатын адамдардың өзі тегін кеңес бермейді", - деп жазды ол.
Дархан Мұсаев бұл сөздері арқылы қоғамда жиі айтылатын «Ақша бақыт емес» деген түсінікке өзіндік көзқарасын білдіргендей болды.
Айта кетейік, Дариға Бадықова мен Олжас Абай көпшілікке жаңа туындысын ұсынды.
Дархан Мұсаев кім?
Дархан Мұсаев – қазақстандық театр және кино актері, шығармашылық сала өкілі. Ол көпшілікке танымал актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі ретінде де белгілі.
Дархан Мұсаев театр өнерімен айналысып, отандық кино жобаларына қатысқан. Ол Дариға Бадықовамен бірге «Күйеу бала» телехикаясында ерлі-зайыптылардың рөлін сомдаған.
2025 жылдың қыркүйегінде актер Дариға Бадықовамен ажырасқанын көпшілікке жариялады. Оның айтуынша, екеуі 2008 жылғы 11 тамызда шаңырақ көтеріп, 16 жыл отбасылық өмір сүрген. Ал 2024 жылдың күзінде заңды түрде ажырасқан.
Ажырасқаннан кейін Дархан Мұсаев шығармашылық қызметін жалғастырып, кино өндірісіне ден қоя бастады. 2026 жылдың ақпанында ол жаңа фильм түсіруге дайындалып жатқанын, жобаға қажетті серіктестер мен идеяларды тапқанын хабарлады.