Танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желідегі кезекті жазбасымен көпшіліктің назарын өзіне аударды. Өнер иесінің қысқа ғана жазбасы оқырмандар арасында қызу талқыға түсті, деп хабарлайды ult.kz.
Әнші Instagram парақшасында астарлы мағынасы бар сөйлем жариялаған. Оның бұл жолғы жазбасы да желі қолданушыларын бейжай қалдырмады.
"Әуелі төсек, сосын бесік тербеледі", – деп жазды Төреғали Төреәлі.
Өнер иесінің бұл сөзі оқырмандар арасында түрлі пікір туғызды. Бірі әншінің ойын әзілге айналдырса, енді бірі мұндай жазбаның көпшілікке танымал өнер адамына жараспайтынын айтып, сынға алды.
Әсіресе желі қолданушыларының Төреғалидың жұбайына қарата жазған әзілдері назар аудартты.
«Толқыны, телефонын алып қоясыз ба ағаның?», «Күз ешкімді аямады», «Өзіңдей Қайратқа қарашы», «Әңгімесі төсектің айналасында екен ғой», «Ұят болды не болса да», – деп жазды оқырмандар.
Айта кетейік, Төреғали Төреәлі сынның астында қалды.
Төреғали Төреәлі кім?
Төреғали Төреәлі – қазақстандық танымал әнші, композитор және актер. Ол 1992 жылы 14 қазанда дүниеге келген. Көпшілікке «Ұлы дала баласы» деген лақап атымен танылған.
Өнер иесі қазақ эстрадасында өзіндік орындау мәнерімен және лирикалық әндерімен танымал болды. Оның «Алло», «Бір түрлі қыз», «До-ре-ми» секілді әндері тыңдарман арасында кең тараған.
Төреғали Төреәлі әншілікпен қатар кино саласында да бағын сынап, «Ұлы дала комедиясы» фильмінде басты рөлді сомдаған.
Әншінің жұбайы – Толқын Тұрарбекқызы. Ерлі-зайыптылар көпбалалы отбасы ретінде де көпшілікке белгілі.
Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде белсенді. Оның жеке өміріне қатысты мәлімдемелері мен түрлі тақырыптағы жазбалары оқырмандар арасында жиі талқыланып тұрады.