Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары, продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында экс-енесіне қатысты жазбасы тарады. Өнер иесінің «Келін ене топырағынан жаралған» деген сөзі көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды ult.kz.
Мөлдір Мұқан бұл жолы отбасы тақырыбын қозғап, енесіне қатысты ойын көпшілікпен бөліскен. Оның жазбасындағы «Келін ене топырағынан жаралған» деген тіркес ерекше назар аудартты. Кейіннен жазба 2020 жылы салынғаны белгілі болды.
Айта кетейік, Мөлдір Мұқан оқырмандарына ақшалай сыйлық таратпақ.
Мөлдір Мұқан кім?
Мөлдір Мұқан – қазақстандық продюсер, тележүргізуші және шығармашылық жобалардың ұйымдастырушысы. Ол көпшілікке танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жары ретінде де белгілі.
Мөлдір Мұқан ұзақ жылдар бойы өнер саласында еңбек етіп, концерттік бағдарламалар мен түрлі шығармашылық жобалардың ұйымдастырылуына атсалысқан. Сонымен қатар ол әлеуметтік желіде белсенді болып, отбасы, бала тәрбиесі, әйелдің қоғамдағы орны және жеке өміріне қатысты ойларын бөлісіп отырады.
Негізгі мамандығы – экономист. Жоғары оқу орнын үздік дипломмен бітіріп, 21 жасынан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеген. Кейін балаларға арналған «ММ» өнер мектебін ашып, продюсерлік қызметке бет бұрған. Әнші Ақтоты Болышевамен жұмыс істеп, өзі де әншілік және актерлік қырынан танылды.
Мөлдір Мұқан мен Тұрсынбек Қабатовтың бес баласы бар. 2025 жылы ол әзілкешпен заңды түрде ажырасқанын мәлімдеді. Кейін жеке шығармашылығын дамытып, «Өтірік» әнін жарыққа шығарды және «Шәй в большом городе» фильмінің продюсері болды.