Қазақстандық неміс Абайдың жүзден астам шығармасын жатқа біледі

Қазақстандық неміс Абайдың жүзден астам шығармасын жатқа біледі

Қазақстандық неміс Кристина Ленк Абай Құнанбайұлының жүзден астам шығармасын біледі. Оның жатқа білетін туындыларының қатарында ақынның қара сөздері, поэмалары мен өлеңдері бар, деп хабарлайды ult.kz.

Кристинаның айтуынша, ол шығармалардың мәтінін ғана емес, кітаптағы орналасқан орнын да есте сақтаған. Мәселен, одан «Ескендір» поэмасының 35-бағанындағы үшінші шумағын оқып беру сұралса, оны нақты айтып бере алады.

"Мен тіпті әр бағанның кітаптың қай бетінде орналасқанына дейін жатқа білемін", - дейді Кристина.