Ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден өтті

Ақын Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында дүниеден өтті
Жазушылар Одағы

Қазақтың сыршыл ақыны, журналист Жанна Елеусіз 56 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды ult.kz.

Жанна Елеусіз 1970 жылы 22 қарашада дүниеге келген. 1992 жылы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Ақынның «Мен сүйетін дүние» және «Тіршілік трилогиясы» атты жыр жинақтары жарық көрген. Оның терең философиялық ойға, мұң мен нәзік сезімге толы өлеңдері әдеби ортада жоғары бағаланған.

Әдебиет әлемінде өзін көп көрсете бермейтін, тұйық мінезімен танылған ақынның шығармашылығын әдебиетшілер «ақсүйек поэзия» деп бағалаған.

Қазақстан Жазушылар одағы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына, қалың оқырман қауымға көңіл айтты.