Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

27 қарашада валюта бағамы қанша болды?

27 қарашада валюта бағамы қанша болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Қазақстан қор биржасында (KASE) 27 қарашадағы шетел валюталары бойынша сауда-саттық қорытындыланды, деп хабарлайды ult.kz.

Кешкі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 458,22 теңгені құрады. Америка валютасы алдыңғы сауда-саттықпен салыстырғанда 0,52 теңгеге арзандады.

Еуро 0,41 теңгеге қымбаттап, 503,03 теңгеге жетті. Ресей рублі 5,58 теңге деңгейінде қалыптасты. Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 68,77 теңгені құрады. 

Ұлттық банк бекіткен ресми бағам бойынша бір доллар 458,85 теңге, еуро 503,50 теңге, Ресей рублі 5,59 теңге болды. Ақша айырбастау орындарындағы бағам өңірге және сұранысқа қарай өзгеруі мүмкін.