“Қазгидромет” мамандары 28 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Malim.kz тілшісі. Сенбі күні еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауып, жел күшейеді. Кей өңірлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды ult.kz.
Астанада түнде және күндіз −5…−7 градус аяз болып, қар жаuaды. Алматыда түнде +1…+3, күндіз +6…+8 градус жылы болады. Шымкентте түнде +2…+4, күндіз +7…+9 градус жылы болып, жауын-шашын күтілмейді.
Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Ұлытау облыстарында күндіз ауа температурасы −5…0 градус шамасында болады. Маңғыстау, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында 0…+5 градус күтіледі.
эҚызылорда, Түркістан, Жамбыл және Жетісу облыстарында күндіз +5…+10, Алматы облысында +3…+8 градус жылы болады. Шығыс Қазақстан облысының кей аудандарында желдің екпіні 30 м/с-тан асып, елдің солтүстік және орталық өңірлерінде боран соғады.