Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Өсек айтуға уақыты болмауы керек”: Динара Сәтжан әйелдерге кеңес берді

“Өсек айтуға уақыты болмауы керек”: Динара Сәтжан әйелдерге кеңес берді
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Белгілі тележүргізуші Динара Сәтжан әйел адамның өмірлік ұстанымы қандай болуы керектігі туралы ой бөлісті, деп хабарлайды ult.kz.

Медиа саласының өкілі әйелдерге өзгенің өмірін талқылауға уақыт жоғалтпай, өзін дамытуға, армандары мен мақсаттарына жетуге ұмтылуға кеңес берді.

Динара Сәтжанның пікірінше, әйел адам ең алдымен өзіне ұнап, өмірге оң көзқараспен қарауы керек.

“Әйел адам өзіне ұнау керек. Мақсат, армандарына жетуі керек. Күліп жүруі керек. Позитивті ойлау керек. Әйел адам өсек айтпау керек. Өсек айтуға уақыты болмау керек”, – деді тележүргізуші.

Ол әйелдердің өз өміріне көңіл бөліп, уақытын бос әңгімеге емес, алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға жұмсауы маңызды екенін меңзеді.

Айта кетейік, Роза Әлқожа сахнада денесінің сол жағы ұйып қалғанын айтты. 

Динара Сәтжан кім?

Динара Жаңабайқызы Сәтжан – қазақстандық журналист, тележүргізуші, кәсіпкер, дизайнер және блогер. Ол 1982 жылы 21 қыркүйекте қазіргі Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

Телевизия саласына 16 жасында қадам басқан. Студент кезінде “Шахар” телерадиокомпаниясында “Music Station” авторлық бағдарламасын жүргізген. Кейін “Астана”, “Хабар” телеарналарында жаңалықтар жүргізушісі болып еңбек етті.

Динара Сәтжан журналистикамен қатар сән индустриясында да кәсіпкерлікпен айналысады. Ол “Dinara Satzhan” брендінің негізін қалаушы.

Тележүргізуші танымал тұлғалардан сұхбат алып, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп жүр. Әлеуметтік желіде де белсенді, жеке өмірі, кәсіпкерлік және әйелдердің өзін-өзі дамытуы туралы жиі ой бөліседі.

Динара Сәтжан 2025 жылы кәсіпкер Жұмабек Жанықұловқа тұрмысқа шыққан. Екі баланың анасы.