Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Танымал актер қатерлі ісіктен көз жұмды

Танымал актер қатерлі ісіктен көз жұмды
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Ресейлік театр және кино актері Бангис Счастливый 62 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі 23 қарашада қайтыс болған. Актердің қазасы туралы ақпаратты оның жақындары 26 қарашада растады.

Марқұмның досы Маринаның айтуынша, актер ұзақ уақыт өңештің қатерлі ісігімен күрескен. Бірнеше ота жасалғанына қарамастан, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмаған.

Бангис Счастливый 1964 жылы Ресейдің Тольятти қаласында дүниеге келген.

Ол ресейлік криминалдық телехикаялардағы рөлдері арқылы көрерменге танылды. Актер “Улицы разбитых фонарей – 2”, “Убойная сила”, “Черный ворон”, “Ключи от смерти” сынды туындыларда бой көрсетті.

Әсіресе “Улицы разбитых фонарей – 2” телехикаясындағы Никита Сидоровтың рөлі арқылы көпшіліктің есінде қалды.