Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

“Әйел бәрін жалғыз көтереді”: Мөлдір Мұқан ажырасу туралы жазба жариялады

“Әйел бәрін жалғыз көтереді”: Мөлдір Мұқан ажырасу туралы жазба жариялады
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқан әлеуметтік желідегі парақшасында ажырасу туралы жазба жариялады, деп хабарлайды ult.kz.

Өнер иесі ажырасқаннан кейінгі ер мен әйелдің өмірі туралы желіде тараған пікірмен келісетінін білдірді. Ол Instagram парақшасының сторис бөлімінде мына жазбаны бөлісті.

“Ер адам ажырасқаннан кейін көбіне жаңа өмір бастауға кетеді. Өзін табуға, еркіндік сезінуге, жеке бақытын қайта табуға мүмкіндік алады. Ал әйел, ол кетпейді, қалады. Қолында – бала, ойында мың жауапкершілік. Жүрегінде мың шаршау. Ол бір мезгілде ана да, әке де бола алады. Үйді де ұстайды, жұмысын да істейді”, – делінген жазбада.

Өнер иесі бұл жазба арқылы ажырасқаннан кейін бала тәрбиесі мен отбасының бар жауапкершілігін жалғыз арқалап жүрген әйелдердің жағдайына назар аударды.

Айта кетейік, Ырысбала Икрамбай ой салатын жазба жариялады. 

Мөлдір Мұқан кім?

Мөлдір Мұқан – қазақстандық әнші, продюсер және шығармашылық жобаларды ұйымдастырушы. Көпшілікке белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы жұбайы ретінде де танымал. Бес баланың анасы.

Ол бала кезінен өнерге жақын болып, бауырларымен бірге “Мұқановтар” отбасылық ансамблінде өнер көрсеткен. Негізгі мамандығы – экономист. Жоғары оқу орнын үздік дипломмен тәмамдап, 21 жасынан бастап мемлекеттік қызметте еңбек еткен.

Кейін балаларға арналған “ММ” өнер мектебін ашып, продюсерлік қызметке бет бұрған. Әнші әрі домбырашы Ақтоты Болышевамен жұмыс істеген. 2025 жылы “Шәй в большом городе” фильмінің продюсері болды.

Сондай-ақ әншілікке ден қойып, “Өтірік”, “Өмір сүр қалма елден” әндерін жарыққа шығарды. 2025 жылы Тұрсынбек Қабатовпен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді.

Қазір жеке шығармашылығын дамытып, әншілік және продюсерлік қызметін қатар алып жүр. Сонымен бірге қызы Айымның өнер жолына қадам басуына қолдау көрсетіп келеді.