Актер Әбілмансұр Серіковтің бұрынғы жұбайы Фариза Бекібай ажырасқаннан кейінгі өмірі мен бұрынғы қайын жұртымен қарым-қатынасы туралы айтты. Ол "TABOO" бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы енесін әлі де анасындай жақсы көретінін жеткізді, деп хабарлайды ult.kz.
Фаризаның айтуынша, ерлі-зайыптының екіге кеткеніне қарамастан, қайын жұртымен арадағы сыйластық үзілмеген. Тіпті балалары демалыс күндерін әжесінің үйінде өткізеді екен.
"Менің енем – алтын адам. Бұрынғы енем. Шын мәнінде "мама" ретінде жақсы көремін. Сыйлаймын, құрметтеймін. Сенбі-жексенбі күндері балаларым сол жақта болады. Әкесіне қарағанда сол жақта болады. Сол нәрсе мені алаңдатпайды. Тіпті кейбір кездерде мен түсірілімге кеткен кезде, енеме тастап, қолына ұстатып беріп кетемін. Олармен араластырамын, жақын қарым-қатынастамын. Бұрынғы қайынсіңілдеріммен де жақсы араласамыз. Баяғы сыйластығымыз, қарым-қатынасымыз сақталған", – деді Фариза Бекібай.
Ол ажырасқаннан кейін де балаларының әке жағындағы туыстарымен араласуына кедергі жасамайтынын, бұрынғы енесіне балаларын алаңсыз қалдыра алатынын айтты.
Сондай-ақ сұхбат барысында Фариза Бекібай бұрынғы күйеуінің өнер жолы мен жеке өмірі туралы сөз қозғап, басынан өткерген қиын кезеңдері жайлы да сыр шертті.