Танымал блогер әрі жас кәсіпкер Нұрхан Нұрмаханбеттің гүл шоғымен түскен суреттері әлеуметтік желіде қызу пікірталасқа себеп болды, деп хабарлайды ult.kz.
Дубайда жүрген блогер қонақүй бөлмесінде құшақ толы гүлмен түскен бірнеше суретін Instagram парақшасына жариялаған. Ол гүл сыйлаған адамға алғыс білдіріп, жазбасының соңына жүрек белгісін қалдырған.
Көп ұзамай суреттер Threads желісіне тарап, оқырмандардың пікірі екіге жарылды. Бірі ер адамға гүл сыйлағанына таңғалса, енді бірі блогердің суретке түсу мәнерін келемеждеп, жеке өміріне қатысты түрлі болжам айта бастады.
“Не қуып қуанып тұр гүл алғанына?”, “Менен жақсы сызылып, майысып тұр ғой”, – деп жазды желі қолданушылары.
Дегенмен кәсіпкерді жақтап, араша түскендер де аз болмады. Олар Нұрханның қызметкерлеріне қамқорлық танытып, мұқтаж жандарға көмектесіп жүргенін еске салды.
“Өте мейірімді, жаны таза адам. Жұрт соны көрмейді ғой, хейт жазғанға дайын тұрады”, – деп пікір қалдырды оқырмандардың бірі.
Тағы бір желі қолданушысы адамның гүл алғанына немесе қалай суретке түскеніне бола жеке өмірін талқылау орынсыз екенін айтып, сын айтқандарға “Не жұмыстарың бар?” деп жауап берді.
Қызу талқыдан кейін Нұрхан Нұрмаханбет Instagram парақшасында видео жариялап, оқырмандарына үн қатты.
Айта кетейік, Айдана Меденова сыннан кейін жаңа видео жариялады.
Нұрхан Нұрмаханбет кім?
Нұрхан Нұрмаханбет – қазақстандық блогер, жас кәсіпкер, клининг компаниясының негізін қалаушы. Ол Тараз қаласында дүниеге келген. Мамандығы – бағдарламашы.
Нұрхан 15 жасынан бастап Алматыдағы тазалық қызметін көрсететін компанияда жұмыс істеген. Алғашында қарапайым қызметкер болып еңбек етіп, кейін әкімші қызметіне көтерілген. 2020 жылы Ресейде кәсіби білімін жетілдіріп, жеке кәсібін ашқан.
Кәсіпкер алғашқы жұмысын екі әпкесімен бірге бастаған. 2024 жылы берген сұхбатында 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып, айына 20 миллион теңге табатынын мәлімдеген.
Нұрханның кәсіпкер атануына әнші Салтанат Бақаева да қолдау көрсеткен. Өнер иесі оған қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға қаржылай көмектескен. Ал Жанар Айжанова оның жұмысын әлеуметтік желіде жарнамалап, танылуына ықпал еткен.
Нұрхан әлеуметтік желіде отандық өнер жұлдыздарының үйлерін тазалап, жұмыс барысын көрсететін бейнежазбалары арқылы танымал болды. Сондай-ақ ол күнделікті тұрмысын, саяхаттарын және кәсіпкерлік тәжірибесін оқырмандарымен бөлісіп жүр.