Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Яндекс Go Қазақстан полициясына есірткі қылмысына қарсы күресуге көмектеседі

Яндекс Go Қазақстан полициясына есірткі қылмысына қарсы күресуге көмектеседі
Polisia.kz

Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Яндекс Go есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте күш біріктірмек. Тараптар 26 қарашада ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ult.kz.

Келісім аясында цифрлық платформа арқылы жүргізушілерге, курьерлерге және сервис пайдаланушыларына есірткі таратқаны, оның ішінде тасымалдағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ақпарат беріледі.

Осы мақсатта Яндекс Go қосымшасында арнайы push-хабарламалар, профилактикалық бейнероликтер мен ақпараттық материалдар жарияланады.

ІІМ мәліметінше, бұл бастама азаматтардың есірткі қылмысына тартылуының алдын алуға бағытталған. Министрлік есірткі бизнесімен күресте мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеп отыр.

Басты басымдықтардың бірі – жастарды есірткі бизнесінен қорғау және қоғамда есірткі қылмысына мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру.