Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

«Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір басшысы қызметінен кетті

«Қазатомөнеркәсіптің» тағы бір басшысы қызметінен кетті
Freepik.com

«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директоры Дархан Сағындықов өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды ult.kz.

Компанияның хабарлауынша, 26 қарашада директорлар кеңесі оның басқарма мүшесі ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатқан.

Дархан Сағындықов 2024 жылғы наурыздан бері осы қызметті атқарып келген. Бұған дейін «Самұрық-Қазына» қорының құрылымдарында және KMG International компаниясында түрлі басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

Айта кетейік, 23 қарашада ҰҚК «Қазатомөнеркәсіп» басқарма мүшесі Қуаныш Омарбековті және өзге де адамдарды ұстаған. Олар «Самұрық-Қазына» қорының бұрынғы басшылығы ұйымдастырған деген күдік бар сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деп күдіктеліп отыр.