Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қылмыс жасап, 10 жыл бойы бой тасалаған шетелдік Өскеменде ұсталды

Қылмыс жасап, 10 жыл бойы бой тасалаған шетелдік Өскеменде ұсталды
Ашық дереккөз

Өскеменде он жылға жуық уақыт халықаралық іздеуде жүрген 55 жастағы шетелдік азамат қолға түсті. Ол осыдан 19 жыл бұрын танысына пышақ жарақатын салып, ауыр зиян келтіргені үшін сотталған, деп хабарлайды ult.kz.

ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер күдіктіні «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында ұстаған.

Тергеу материалдарына сәйкес, 2007 жылдың желтоқсанында тұрмыстық жанжал кезінде ер адам танысына пышақ сұғып, денсаулығына ауыр зиян келтірген. Сот оны сырттай 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған. Алайда ол жазасын өтеуден жалтарып, бой тасалаған. 2016 жылдың соңында мемлекетаралық іздеуге жарияланған.

Қазір шетелдік уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оны іздестіріп жатқан тарапқа ұсталғаны туралы хабар берілді. Алдағы желтоқсан айында азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін тиісті елге беру рәсімі жоспарланған.

Полиция мәліметінше, жыл басынан бері облыста іздеуде жүрген 23 адам ұсталған. Олардың 13-і бұрынғы жылдары жасалған қылмыстар бойынша іздеуде болған.