Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Шекарадан 200 мың долларды жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды

Шекарадан 200 мың долларды жасырын алып өтпек болған шетелдік ұсталды
Ашық дереккөз

Қазақстан шекарашылары 10 күн ішінде шетелге декларацияланбаған валютаны алып өтудің 59 әрекетін тоқтатты. Заңсыз тасымалдауға тырысқандардың арасында «Қордай» өткізу пунктінде 200 мың АҚШ долларын жасырған шетелдік те бар, деп хабарлайды ult.kz.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, 16-25 қараша аралығында шекаралық өткізу пункттерінде жалпы сомасы 508 млн теңгеден асатын декларацияланбаған валютаны елден шығаруға жол берілмеген.

Атап айтқанда, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекара бекетінде Қазақстан азаматының багажынан 4 млн 441 мың 500 рубль табылды. Бұл шамамен 23 млн теңгеге тең.

Ал 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде шетелдік азаматтың 200 мың АҚШ долларын (шамамен 91 млн теңге) жасырын алып өтпек болғаны анықталды.

Аталған деректер бойынша материалдар тиісті процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға жолданды.