Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова қазақ эстрадасында өшпес із қалдырған әнші Мадина Ералиеваны еске алды, деп хабарлайды ult.kz.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында марқұм әріптесі туралы естелік айтқан бейнежазбасын жариялап, рухына тағзым етті.
“Бүгін Мадина Ералиева замандасымыздың өмірден озған күні. Топырағы торқа болсын”, – деп жазды әнші.
Мадина Ералиева – қазақ эстрадасының өзіндік орындаушылық мәнерімен ерекшеленген талантты өкілдерінің бірі. Сырлы үнімен тыңдарман жүрегінен орын алған өнер иесін халық “Қазақтың Ақбаяны” деп атаған.
Әншінің орындауындағы “Ақбаян”, “Сағым жылдар”, “Кірмеші жиі түсіме” сынды әндер әлі күнге дейін ел жадында сақталған.
Айта кетейік, Мадина Ералиева 2000 жылы жол апатынан қаза тапты. Өнер иесінің өмірден ерте кетуі қазақ мәдениеті үшін орны толмас қаза болды. Алайда оның артында қалған әндері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.
Еске салайық, Динара Сәтжан әйелдерге кеңес берді.
Мақпал Жүнісова кім?
Мақпал Жүнісова – қазақтың эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Ол 1964 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысында дүниеге келген. Ерекше дауысымен, өзіндік орындаушылық мәнерімен танылған өнер иесі қазақ эстрадасының дамуына елеулі үлес қосты.

Репертуарында халық әндері, лирикалық және эстрадалық шығармалар бар. Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің жары болған. Бүгінде әнші шығармашылық қызметін жалғастырып, сахнада өнер көрсетіп жүр.