Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанның өнеркәсіп картасы: қай өңір қанша өнім өндірді?

Қазақстанның өнеркәсіп картасы: қай өңір қанша өнім өндірді?
ашық дереккөз

Қазақстанда 2026 жылдың қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 58,5 триллион теңгені құрады. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.

Өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,5 пайызға өскен.

Өнеркәсіп өнімінің ең жоғары көлемі Атырау облысында тіркелді. Өңірдегі көрсеткіш 14,3 триллион теңгеге жеткен.

Одан кейінгі орындарда Қарағанды облысы (4,7 трлн теңге), Павлодар облысы (3,7 трлн теңге), Астана қаласы (3,4 трлн теңге) және Маңғыстау облысы (3,3 трлн теңге) тұр.

Ал өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны бойынша Жетісу облысы көш бастады. Мұнда көрсеткіш 29,9 пайызға артқан.

Сондай-ақ Түркістан облысында – 23,8%, Алматы қаласында – 21,5%, Алматы облысында – 19,4%, Жамбыл облысында 17,8% өсім байқалды.