Құтқарушылар саусағына сақина қысылып қалған қызға көмектесті

Құтқарушылар саусағына сақина қысылып қалған қызға көмектесті
видеодан скриншот

Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінде құтқарушылар саусағына қысылып қалған сақинаны шешуге көмектесті, деп хабарлайды ult.kz.

2009 жылы туған қызға құтқарушылардың көмегі қажет болды. Саусағы ісініп кеткендіктен, ол сақинаны өздігінен шеше алмаған.

Оқиға орнына келген ТЖМ құтқарушылары арнайы құралдың көмегімен қыздың саусағындағы сақинаны абайлап шешіп берді.

Медициналық көмек қажет болған жоқ.