Астанада өрт шыққан тұрғын үйден 32 адам құтқарылды

Астанада өрт шыққан  тұрғын үйден 32 адам құтқарылды
polese.by

ТЖМ қызметкерлері түтін басқан тұрғын үй кешенінен 32 адамды құтқарды, деп хабарлайды ult.kz.

Астана қаласы Есіл ауданы Сарайшық көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендерінің бірінің автотұрағында электр сымдары мен автокөлік шиналары өртенді.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетті. Өртті сөндіру барысында газ-түтіннен қорғау қызметінің буындары ғимараттан 32 адамды, оның ішінде 13 баланы құтқарды.

Құтқарушылардың жедел әрекеттерінің арқасында адамдар қауіпті аймақтан шығарылды. Өрт толығымен сөндірілді.

Жылудың әсерінен төрт автокөлікке зақым келген. Зардап шеккендер жоқ.