Тоқаев Республика күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевты еске алды

Тоқаев Республика күні қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевты еске алды
Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған құттықтауында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тарихындағы рөліне тоқталды, деп хабарлайды Ult.kz.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуына, күрделі экономикалық жағдайда дамуына және тарихи жетістіктерге жетуіне Нұрсұлтан Назарбаев зор үлес қосқан.

«Сондықтан Егемен Қазақстанның негізін қалауға, оның өте күрделі экономикалық жағдайда дамуына, еліміздің көптеген тарихи жетістікке қол жеткізуіне зор үлес қосқан Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімі ешқашан ұмытылмайды деп ойлаймын. Себебі, бұл – әділеттілікке сай келетін мәселе», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ тарихи оқиғаларға әділ баға беру қажеттігін атап өтті.