Қарағандыда өзін байланыс желілерін жөндейтін маман ретінде көрсетіп, кабель ұрлады деген күдікпен 26 жастағы тұрғын ұсталды. Келтірілген шығын 1,2 млн теңгеден асқан, деп хабарлайды ult.kz.
Polisia.kz мәліметінше, күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, желілік жабдықтармен жұмыс істеп жүргендей көрінген. Ол бірнеше үйдің интернет кабелін кесіп алып кеткен. Салдарынан тұрғындар интернет пен байланыссыз қалған.
Күдікті жалпы ұзындығы 120 метрден астам кабельді ұрлап, металл қабылдау пунктіне өткізіп үлгерген.
Қазір оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.