Астанаға 3 келіден астам мефедрон алып кірмек болған ер адам ұсталды

Астанаға 3 келіден астам мефедрон алып кірмек болған ер адам ұсталды
Polisia.kz

Астанаға есірткінің ірі партиясын жеткізіп, таратпақ болған 44 жастағы ер адам ұсталды. Одан 3 келіден астам мефедрон тәркіленді, деп хабарлайды ult.kz.

Полиция мәліметінше, елордаға кіреберістегі бекеттердің бірінде Toyota көлігі тоқтатылған. Автокөлікті тінту кезінде салоннан ұнтақ тәрізді зат салынған алты брикет табылды.

Күдікті бұған дейін қала аумағында қалдырған есірткі жасырындыларының орындарын да көрсеткен. Барлық зат тәркіленіп, сараптама олардың мефедрон екенін растады.

Тергеу мәліметінше, ер адам есірткіні әрі қарай тарату үшін тасымалдаған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Қазір іске қатысы болуы мүмкін өзге де адамдар анықталып жатыр.