Астанада жеңілдетілген бағдарламамен баспана алып беруге және тиімді несие рәсімдеуге уәде етіп, 51 азаматты алдады деп айыпталған жеті адамға қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды, деп хабарлайды ult.kz.
Қала прокуратурасының мәліметінше, күдіктілер төрт жыл бойы азаматтардың сеніміне кіріп, кеңселер жалдаған, коммерциялық ұйымдар құрған және қызмет көрсету туралы шарттар жасасқан. Сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде ықпалды таныстары барын айтып сендірген.
Жәбірленушілерге келтірілген шығын 413 млн теңгеден асады. Күдіктілерге аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады және ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген айып тағылған.