Жапон жазушысы әрі режиссер Рю Мураками 17 қазанда 74 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның өкілдері мен Gentosha баспасы мәлімдеді, деп хабарлайды ult.kz.
Жазушының неден қайтыс болғаны жарияланбаған. Жерлеу рәсімі жақын туыстарының қатысуымен өткен.
Мураками 1976 жылы жарық көрген алғашқы романы - «Көгілдірдің барлық реңкі» арқылы танылды. Оның оқырманға кеңінен таныс шығармаларының қатарында «Сақтау камерасындағы балалар», «Мисо сорпасы» және «69» романдары бар.
Мураками әдебиетпен қатар кинорежиссурамен де айналысып, өз кітаптарының желісі бойынша бірнеше фильм түсірген.