Бестөбеде алтын іздегендер полициямен текетіреске түсті

Бестөбеде алтын іздегендер полициямен текетіреске түсті
Ашық дереккөз

Ақмола облысының Бестөбе кентінде заңсыз алтын іздеген 13 адам ұсталды. Олар полицияның заңды талаптарына бағынбағандықтан, арнайы жасақ ескерту ретінде аспанға оқ атқан, деп хабарлайды ult.kz.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшылары заңсыз алтын өндірудің жолын кесу мақсатында жедел-профилактикалық іс-шара жүргізген. Алайда кен іздеушілер полиция талаптарына бағынбаған.

Арнайы жасақтың ескерту оғынан кейін тәртіп бұзушылар ұсталды. Олардың барлығы заң аясында жауапқа тартылған.

Полиция бағалы металдарды заңсыз өндірудің жолын кесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.