Полициядан қашқан  жүргізуші өлімге әкелген апатқа ұшырады

Полициядан қашқан  жүргізуші өлімге әкелген апатқа ұшырады
astanatv.kz

Қостанайда полицияның тоқтау талабына бағынбай қашқан жүргізуші жол апатынан қаза тапты. Автобуста болған екі жолаушы медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды ult.kz.

Sputnik Қазақстанның мәліметінше, Қостанайда полициядан қашқан көлік жүргізушісі автобуспен соқтығысып, оқиға орнында көз жұмды.

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 25 қазан күні кешкі уақытта болған. Жүргізуші полицияның көлікті тоқтату туралы талабына бағынбай, қашып кеткен.

Қашу кезінде ол қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, автобусқа соқтығысқан. Соққыдан жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Апат кезінде автобуста 55 жолаушы болған. Олардың екеуі медициналық көмекке жүгінді.

Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шараларын жүргізіп жатыр.