Қазақстанда әйелді ұрып-соғып, сөмкесінен 753 мың теңге ұрлаған адамның жазасы қатаңдатылды. Бұған дейін бас бостандығын шектеу жазасын алған ол қайтадан қылмыс жасаған, деп хабарлайды ult.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, сотталған адам сыбайласымен бірге жәбірленушіні ұрып, сөмкесіндегі ақшаны иемденген. Алғашында оған бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған. Алайда ол жазасын толық өтемей жатып, тағы да қылмыс жасаған.
Бас прокуратураның наразылығынан кейін кассациялық сот істі қайта қарап, бас бостандығын шектеу жазасын нақты түрме жазасына ауыстырды.