Атыраудағы сауда үйлерінің бірінде әйелдер әжетханасына кірген 21 жастағы жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оқиға түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды ult.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 24 қазанда болған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеода әйел адамның жігіттен түсініктеме талап етіп жатқанын көруге болады.
Полицияның хабарлауынша, ер адам қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.
Оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен жігіт әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.