Жетісу облысында Үшарал қаласының маңында заңсыз аңшылық фактісі анықталды. Құқық бұзушылыққа 31 жастағы ер адам қатысы бар, деп хабарлайды ult.kz.
Полиция мәліметінше, табиғатты қорғау полициясы мен Алакөл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлескен іс-шара барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде аңшылық қағидаларын бұзу дерегін анықтаған.
Ер адам заңда белгіленген тәртіппен тіркелмеген бір оқпанды аңшы мылтығын пайдаланған.
Оқиға бойынша әкімшілік іс материалдары жиналып, сотқа жолданады. Құқық бұзушылыққа құқықтық бағаны сот береді.
Полиция аңшылық ережелерін сақтамау және қаруды заңсыз пайдалану үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.