Ақмола облысының Степногорск қаласында тиісті сертификаты жоқ стоматологтың 345 балаға медициналық қызмет көрсеткені анықталды. Қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) есебінен төленген, деп хабарлайды ult.kz.
Бас прокуратураның мәліметінше, тексеру барысында «Viamedis» ЖШС тарапынан медициналық қызмет көрсету кезінде заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталған. Негізсіз төленген қаражат көлемі 2 569 792 теңгені құрады.
Прокуратураның араласуынан кейін мемлекетке 2,5 млн теңгеден астам қаражат толық қайтарылды.