Ер адам жеті баласын және туысының баласын атып өлтірді

Ер адам жеті баласын және туысының баласын атып өлтірді
Фото: freepik

АҚШ-тың Луизиана штатындағы Шривпорт қаласында жантүршігерлік қылмыс болды. 19 сәуірде 31 жастағы Шамар Элкинс сегіз баланы атып өлтірген. Қаза болғандардың жетеуі оның өз балалары болса, сегізінші бала туысына тиесілі болған. Балалардың жасы 3 пен 11 аралығында, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, қайғылы оқиға отбасылық жанжалдан басталған. Алдымен ер адам екі әйелге оқ атқан. Олардың бірі оның әйелі, екіншісі балалардың анасы болған. Екеуі де жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Кейін күдікті балалар болған басқа үйге барған. Сол жерде сегіз баланы атып өлтірген. Полиция оқиға кезінде балалардың бір бөлігі қашуға әрекет жасағанын хабарлады. 

Қылмыстан кейін Элкинс көлік ұрлап, оқиға орнынан қашқан. Полиция оны қуып жетіп, атыс болған. Соның салдарынан күдікті қаза тапты. Оның полиция оғынан немесе өз-өзіне қол жұмсау салдарынан қайтыс болғаны кейінгі мәліметтерде нақтылануы керек болған. 

Полиция бұл қылмысты тұрмыстық жанжалдан туындаған оқиға деп бағалаған. Тергеу барысында оның нақты себебі мен қылмыстың барлық мән-жайы анықталып жатыр.