Қырғызстанда 39 жастағы ер адам бұрынғы әйелін аяусыз соққыға жыққан. Бет, мойын және басынан жарақат алған 36 жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Оның құлағы мен мұрны кесілген. Оқиға 2023 жылы болды, деп хабарлайды ult.kz.
Шу ауданы Селекционный ауылында жантүршігерлік оқиға орын алды. Жәбірленушінің әпкесінің айтуынша, ажырасқаннан кейін ер адам оны бірнеше рет ұрып-соғып, азаптап, зорлаған және өлтіруге әрекеттенген.
"Көп жағдайлар болды. Біз бірнеше рет полицияға хабарластық, арыз жаздық, сот-медициналық сарапшыға миллион рет бардық, ұрып-соққан сәтін видеоға түсірдік, бірақ бәрі бекер. Құқық қорғау органдары бізге ол өлтірмейінше іс қозғамайтынын және түрмеге қамай алмайтынын айтты. Сіңлім екі ұлын жалғыз өзі асырап отыр. Бұрынғы күйеуінің полицияға да қол көтерген сәттері болды. Содан кейін оны түрмеге жабу керек еді, бірақ туыстары ақша беріп, соттан аман алып қалды. Осы оқиғадан кейін ол күн сайын әпкемді аңдып, соңына түсе бастады", - деп жазды жәбірленушінің әпкесі әлеуметтік желіде.
Осы оқиғадан кейін қылмыскер ұсталды.
Аталған жағдайдан кейін парламент отырысында депутаттар тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбын көтерді. Олар Ішкі істер министрінен осы мәселені қолға алуын сұрады.