«Еден жуатын шүберекпен бетін сүрткен»: Баладан банан тартып алған бақшаның тағы бір былығы

«Еден жуатын шүберекпен бетін сүрткен»: Баладан банан тартып алған бақшаның тағы бір былығы
Фото: әлеуметтік желі

Әлеуметтік желілерде Шымкенттегі балабақшалардың бірінде түсірілген шулы видео тарап жатыр. Кадрларда түскі ас кезіндегі жағдай көрсетілген. Тәрбиешілер суретке түсіргеннен кейін балалардың алдындағы бананды жинап алған. Тексеріс барысында тәрбиешілер баланың қасықпен ұрған, еден жуатын шүберекпен бет-ауызын сүрткен видеодарды көрген, деп хабарлайды ult.kz.

Желіде тараған бейнежазбада балалардың балабақшада тамақтанып жатқаны көрсетілген. Негізгі тағамнан кейін оларға банан таратылған. Алайда, видеоға қарасақ, жемістер тек фотоесеп үшін берілген сияқты: суретке түсіріп болғаннан кейін оларды балалардан қайтып жинап алған.

Видеодан балалардың бірі бананды бергісі келмегенін көруге болады. Сол кезде басқа бір бала жемісті тартып алып, тәрбиешіге апарып берген.

Шымкент қалалық білім басқармасы бананға қатысты бұл оқиғаның 2026 жылдың ақпан айында болғанын хабарлады.

"Мекеме меңгерушісі мен қызметкерлерден түсініктеме алынды. Сондай-ақ видеодағы бес қызметкердің үшеуі бүгінде бұл мекемеде жұмыс істемейтіні анықталды", – деп мәлімдеді басқарма.