Димаштың жаңа әні Бельгия радиосының эфирінен шырқалды

Димаштың жаңа әні Бельгия радиосының эфирінен шырқалды
Сурет ашық дереккөзден алынған

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің орындауындағы жаңа «AQERKE» композициясы Бельгияның Льеж қаласындағы AFM Radio эфирінен берілді, деп хабарлайды ult.kz, DimashNews сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, бұл - Димаштың шығармаларының Бельгия радиосында алғаш рет шырқалуы емес. Dears фан-клубының көпжылдық қолдауының арқасында әншінің 60-тан астам туындысы Бельгиядағы түрлі радиостанциялардың эфирінен тыңдарманға жол тартқан.

Сонымен қатар бұған дейін AFM Radio эфирінде қазақстандық өнерпаздың шығармашылығына арналған екі сағаттық арнайы бағдарламалар да ұйымдастырылған.

Айта кетейік, «AQERKE» - Димаш Құдайбергеннің тыңдарманға жақында ғана ұсынылған жаңа әндерінің бірі. Композиция шетелдік радиостанция эфирінен орын алып, қазақстандық әншінің халықаралық аудитория арасындағы танымалдылығының артып келе жатқанын тағы бір мәрте көрсетті.