Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Бір қоңырау – 4 миллион шығын: СҚО-да мұғалім алаяқтарға алданды

Бір қоңырау – 4 миллион шығын: СҚО-да мұғалім алаяқтарға алданды
naryk.kz

Солтүстік Қазақстан облысында алаяқтар мұғалімді алдап, 4 миллион теңгесін иемденген. Қылмыскерлер алдымен өзін Egov қызметкері ретінде таныстырып, кейін жалған несие туралы айтып, ақшасын «қауіпсіз» шотқа аударуға көндірген, деп хабарлайды ult.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, әйелге белгісіз адам хабарласып, электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) мерзімі аяқталғанын айтқан. Оны ұзарту үшін телефонға келген SMS-кодты сұраған.

Осыдан кейін жәбірленушіге өзін Egov қызметкері деп таныстырған алаяқтар қайта хабарласқан. Олар әйелдің атына жалған несие рәсімделгенін айтып, қарызды жою үшін «айналық несие» алуды және ақшаны қауіпсіз шотқа аударуды ұсынған. Мұғалім олардың сөзіне сеніп, 4 миллион теңгесін аударып жіберген.

Қазір аталған факті бойынша тергеу жүріп жатыр. Полицейлер алаяқтар алған ақшаны ұйымдастырушыларға жеткізген төрт дропперді анықтады. Олардың екеуі Қазақстанда, қалған екеуі Өзбекстанда тұрады.

Полицияның хабарлауынша, жәбірленуші келтірілген шығынды азаматтық-құқықтық тәртіппен өндіріп алуға құқылы.