Бельгия королі Филипп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жауап хат жолдады, деп хабарлайды ult.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бельгия монархы өз жеделхатында Қазақстан Президентіне жыл сайын 21 шілдеде атап өтілетін Бельгияның Ұлттық күніне орай жолдаған жылы құттықтауы үшін алғыс білдірді.
Сондай-ақ король Филипп Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биыл Қазақстанға жасайтын мемлекеттік сапарын асыға күтетінін атап өтті.
Еске салайық, 23 маусымда Қазақстан Президенті Бельгия премьер-министрі Барт де Вевермен кездесу өткізген еді. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропалық одақтағы негізгі серіктестерінің бірі деп атады.
Өз кезегінде Барт де Вевер екі ел арасындағы саяси байланыстардың жоғары деңгейде екенін атап өтті.