Ақмола облысы Бурабай ауданына қарасты Щучинск қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ult.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, аумағы 90 шаршы метр болатын үйдегі өртті сөндіру кезінде құтқарушылар 1968 жылы туған ер адам мен оның жұбайының денесін тапқан.
Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиғаның қылмыстық сипаты болуы мүмкін. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындар үйді қасақана өртеген адам қаза тапқан ерлі-зайыптылардың ұлы болуы мүмкін деген болжам айтып жатыр. Сондай-ақ желіде оның 2009 жылы туған бауырын өлтіргені туралы ақпарат тараған.
Алайда бұл мәліметтерді құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ. Сондықтан күдіктінің кім екені және оның бұрынғы қылмысқа қатысы туралы ақпарат әлеуметтік желідегі расталмаған дерек ретінде қарастырылуы тиіс.
Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.
Айта кетейік, Ақмола облысында сәбиін емізген күйі ұйықтап кеткен ана перзентінен айырылды.