Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

19 қарашаға арналған ауа райы болжамы

19 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

19 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста көктайғақ болып, кей жерде жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ult.kz.

Астанада жауын-шашын күтілмейді. Түнде −6…−4 °C, күндіз +1…+3 °C, жел 3–8 м/с. Алматыдада жауын-шашынсыз, түнде тұман түсуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +2…+4 °C, күндіз +12…+14 °C, жел 3–8 м/с. Шымкентте күндіз жаңбыр жауады. Түнде +7…+9 °C, күндіз +18…+20 °C, жел 8–13 м/с болады. 

Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей бөлігінде түнде қар жауып, көктайғақ болады. Қостанай мен Солтүстік Қазақстанда жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Павлодар облысында жауын-шашынсыз, түнде −11…−6 °C, күндіз 0…+5 °C. Батыс Қазақстанда жаңбыр мен қар, Маңғыстауда жаңбыр күтіледі. Ақтөбе мен Атырау облыстарында кей жерлерге тұман түседі. Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетеді. 

Қарағанды, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз, кей жерлерде тұман түседі. Қарағанды облысының солтүстік-шығысында түнде аяз −18 °C-қа дейін күшейіп, күндіз облыстың басым бөлігінде 0…+5 °C болады. Ұлытау облысында түнде негізінен −5…0 °C, күндіз +3…+8 °C күтіледі. Өңірдің солтүстігі мен орталығында күндіз аздап жаңбыр жауады. 

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында түнгі және таңғы тұман болжанады. Жамбыл облысында түнде +1…+6 °C, күндіз +16…+21 °C болады, таулы аудандарда салқындау. Жетісуда жауын-шашын күтілмейді, бірақ өңірдің шығысы мен таулы аудандарында жел екпіні 15–20 м/с-қа жетуі мүмкін.