Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Бүгін валюта бағамы қандай болды?

Бүгін валюта бағамы қандай болды?
Фото: Нейрожелі арқылы жасалды

18 қарашада Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 444,25 теңге болды. Астана уақытымен сағат 17:00-дегі қорытындыға сай, АҚШ валютасы алдыңғы сауда күнімен салыстырғанда 26 тиынға қымбаттады, деп хабарлайды ult.kz.

Ұлттық банктің 18 қарашаға белгілеген ресми бағамы бойынша бір доллар 443,96 теңге, бір еуро 487,73 теңге, бір ресей рублі 5,38 теңге, ал бір қытай юані 66,60 теңге болды. 

Kurs.kz дерегінше, Астанадағы ақша айырбастау орындары долларды орта есеппен 440,95 теңгеден сатып алып, 447,95 теңгеден сатқан. Алматыда долларды сатып алу бағамы 444,15 теңге, сату бағамы 445,94 теңге болды. 

Kazinform жариялаған таңғы дерек бойынша, Brent мұнайының қаңтар фьючерсі барреліне 92,69 доллардан, WTI фьючерсі 85,05 доллардан саудаланды. Urals мұнайының бір баррелі 71,10 доллар болды.