Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Сауда үйіндегі жұмбақ өлім: Қарағандыда 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды

Сауда үйіндегі жұмбақ өлім: Қарағандыда 40 жастағы ер адамның мәйіті табылды
ашық дереккөз

Қарағандыдағы сауда үйлерінің бірінен 40 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмды алғаш болып ғимараттың күзетшісі байқаған, деп хабарлайды ult.kz.

Қарағанды облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 16 қарашада болған.

"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр",  деп мәлімдеді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала дерекке сәйкес, марқұм 40 жаста болған. Қазір құқық қорғау органдары оның өліміне қатысты барлық мән-жайды анықтап жатыр.