Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Астанада 11-сынып оқушысы сыныптастарына пышақ кезенген: Екі бала жарақат алды

Астанада 11-сынып оқушысы сыныптастарына пышақ кезенген: Екі бала жарақат алды
pixabay.com

Астанада 11-сынып оқушысы мектепке пышақ алып келіп, сыныптастарына шабуыл жасаған. Оқиға салдарынан екі оқушы жарақаттанып, медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды ult.kz.

КТК арнасының мәліметінше, қыздың мектепке пышақты қалай алып кіргені әзірге белгісіз. Қазір полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, мектептегі күзет қызметінің жұмысын тексеріп жатыр.

Мектеп директоры Эльмира Сұлтанованың айтуынша, бұған дейін қыздың мінез-құлқынан күдік тудыратын ешқандай белгі байқалмаған. Оқушының өзі сабақ үстінде қатарластарын қорқытқысы келгенін және оларға қызғанышпен қарағанын айтқан.

Зардап шеккен екі оқушы дәрігерлердің қарауынан кейін амбулаториялық емге жіберілген. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Ал шабуыл жасаған оқушы профилактикалық есепке алынып, психикалық денсаулық орталығының мамандарына жолданған.

Сонымен қатар қыздың ата-анасы бала тәрбиесіне салғырт қарағаны үшін жауапқа тартылған. Полиция мектеп қауіпсіздігіне жауапты күзет ұйымының әрекетіне де құқықтық баға берілетінін мәлімдеді.