Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Жамбылда көшеге қару алып шыққандардан 9 мыңнан астам зат тәркіленді

Жамбылда көшеге қару алып шыққандардан 9 мыңнан астам зат тәркіленді
Polisia.kz

Жамбыл облысында полиция рейдтері кезінде тұрғындардан 9 199 дана суық қару мен өзге де қауіпті зат тәркіленді. Олардың қатарында пышақтар, кастеттер және басқа да тыйым салынған бұйымдар бар, деп хабарлайды ult.kz.

Полицияның мәліметінше, мұндай заттар жанжал кезінде қолданылып, адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан рейдтердің басты мақсаты – құқық бұзушылықтың алдын алып, қауіпті заттардың қылмыстық мақсатта пайдаланылуына жол бермеу.

Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асет Оспановтың айтуынша, қабылданған шаралардың нәтижесінде қоғамдық орындардағы қылмыс 18,3 пайызға, көшелерде тіркелген қылмыс 12,3 пайызға азайған.