Қазақстанда өзге адамның фотосуретін келісімінсіз әлеуметтік желіге жариялағандарға айыппұл салу ұсынылды. Бұл норма онлайн-платформалар мен масс-медиа туралы заң жобасында қамтылған, деп хабарлайды ult.kz.
Құжатқа сәйкес, жеке тұлғаларға 30 АЕК (129 750 теңге), ал ұйымдарға 200 АЕК-ке дейін (865 мың теңге) айыппұл салынуы мүмкін.
Сондай-ақ 5 мыңнан астам жазылушысы бар анонимді аккаунттардың иелері туралы мәлімет бермегендерге 20 АЕК (86 500 теңге), қайталанған жағдайда 40 АЕК (173 мың теңге) айыппұл қарастырылған.
Заңсыз контентті немесе балаға қатысты кибербуллинг сипатындағы ақпаратты жою туралы талапты орындамаған онлайн-платформа иелеріне де 50-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салу ұсынылып отыр. Қайталанған жағдайда бұл сома 400 АЕК-ке дейін жетеді.
Қазір заң жобасы Құрылтайдың қарауында. Құжат әлі қабылданған жоқ.