Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстанда электромобиль саны қанша? Ресми статистика жарияланды

Қазақстанда электромобиль саны қанша? Ресми статистика жарияланды
ашық дереккөз

2026 жылғы қазанда Қазақстанда 172,2 мың автокөлік құралы есепке қойылды. Оның басым бөлігі жеңіл автомобильдер, деп хабарлайды ult.kz Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректеріне сілтеме жасап.

Есепке қойылған көліктердің ішінде:

  • жеңіл автомобильдер – 153,8 мың;
  • жүк автомобильдері – 9,9 мың;
  • автобустар – 1,3 мың;
  • мотоциклдер – 0,8 мың;
  • тіркемелер – 4,6 мың;
  • өзге де көлік құралдары – 1,8 мың.

2026 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген көлік құралдарының жалпы саны 6 млн 140,7 мың бірлікке жеткен.

Оның 83,9%-ы – жеңіл автомобильдер, 8,1%-ы – жүк көліктері, 4,3%-ы – тіркемелер, 1,5%-ы – автобустар, 1,2%-ы – мотоциклдер. Қалған 1%-ы өзге көлік құралдарына тиесілі.

Қазақстандықтар қандай отын түрін пайдаланады?

Тіркелген көліктердің басым бөлігі бензинмен жүреді. Олардың үлесі – 79,9%. Ал 7,5%-ы дизель отынын пайдаланады. Аралас отынмен жүретін көліктердің үлесі 6,5%-ды құраған. Газбен жүретін автомобильдердің үлесі – 0,4%.

Сонымен қатар елде электр қуатымен жүретін 43 056 көлік тіркелген. Бұл жалпы көлік санының 0,7%-ына тең.

Электромобильдер ең көп тіркелген өңірлер:

  • Алматы қаласы – 22 065;
  • Астана қаласы – 3 662;
  • Алматы облысы – 3 120;
  • Ақмола облысы – 1 805.

Осылайша, Қазақстандағы электромобильдердің жартысынан астамы Алматы қаласында тіркелген.