Сот «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшыларына қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, деп хабарлайды ult.kz.
ҰҚК мәліметінше, күдіктілер 12 қарашада сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталған. Ал 14 қарашада тергеу сотының шешімімен қамауға алынған.
Еске салайық, бұған дейін ҰҚК «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты, «Қазақстан темір жолы» АҚ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевті және өзге де тұлғаларды ұстағанын хабарлаған еді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.