BAIC X55 — заманауи дизайнымен, серпінді қозғалысымен және озық цифрлық мүмкіндіктерімен ерекшеленетін қалалық кроссовер. Қытайдағы ресми дилерлік орталықтарда таныстырылған модель сарапшылардың да назарын аударып үлгерді. Қазақстан нарығында автокөлік үш түрлі жабдықталымда ұсынылады. Бастапқы бағасы — 8 990 000 теңге, деп хабарлайды Ult.kz.
Күнделікті пайдаланудағы эстетика мен функционалдылық
BAIC X55 көлігіндегі инженерлік шешімдер аэродинамиканы, эргономиканы және сапар кезіндегі жайлылықты жақсартуға бағытталған:
Аэродинамика және шанақ: Жасырын жылжымалы есік тұтқалары мен спойлер шанақтың аэродинамикалық дизайнын толықтыра түседі. Аэродинамикалық кедергі коэффициенті 0,32 деңгейінде деп көрсетілген, бұл қозғалыс кезінде ауа кедергісін азайтуға ықпал етеді. BAIC X55 шанағы C-NCAP краш-тесттерінен өтіп, қауіпсіздік бойынша ең жоғары — 5 жұлдызды бағаға ие болды.
Интерфейс және мультимедиа: Алдыңғы панельде цифрлық аспаптар тақтасы және диагоналі 14,6 дюйм болатын мультимедиялық сенсорлық дисплей орнатылған. Оның көмегімен автокөліктің негізгі баптауларын басқаруға, сондай-ақ сымсыз Apple CarPlay жүйесіне қосылуға болады.
Салон және оның түрленуі: Минималистік интерьер он түрлі түс режимі бар «Aerospace» атмосфералық жарықтандыру жүйесімен толықтырылған. Бұл жүргізушіге салон жарығын өз көңіл күйіне қарай реттеуге мүмкіндік береді. Ауданы 1,32 м² болатын панорамалық төбе салонға табиғи жарық түсіріп, кеңістікті көзбен шолғанда кеңірек етіп көрсетеді.

Қозғалтқыш пен жүргізушіге көмек көрсету жүйелері
BAIC X55 моделінің негізінде серпінді әрі жайлы жүргізуді қамтамасыз ететін заманауи қозғалтқыш пен трансмиссия үйлесімі жатыр:
- 1.5 Turbo (Magic Core) қозғалтқышы: Қуаты 188 ат күші және айналу моменті 305 Н·м болатын турбоқозғалтқыш VGT технологиясымен (геометриясы өзгермелі турбина) жабдықталған.
- 7DCT трансмиссиясы: Қос дымқыл ілінісуі бар 7 сатылы роботтандырылған беріліс қорабы берілістердің бірқалыпты әрі жылдам ауысуын қамтамасыз етеді.
- Бұл үйлесім динамика, сенімділік және жанармай үнемділігі арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. X55 моделінің барлық жинақтамаларында ұсынылатын күштік қондырғы Қытайдағы «Үздік 10 агрегат» рейтингіне енген.
Ұзақ жолда және автокөлікті тұраққа қою кезінде жүргізушінің шаршауын азайту үшін L2 деңгейіндегі ADAS жүргізушіге көмек көрсету жүйелері қарастырылған:
- Интеллектуалды бейімделмелі круиз-бақылау;
- Автоматты шұғыл тежеу және қозғалыс жолағында ұстап тұру жүйелері;
- Автоматты тұраққа қою функциясы.
Жинақтамалар мен бағалар
BAIC X55 моделі үш түрлі жинақтамада ұсынылады:
- Comfort (8 990 000 теңгеден бастап): 18 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері, жасырын есік тұтқалары, жарықдиодты оптика, кілтсіз кіру жүйесі, артқы көрініс камерасы, былғарымен қапталған көпфункциялы руль және электрондық тұрақтандыру жүйелерінің кешені кіреді.
- Luxury (9 390 000 теңгеден бастап): Қауіпсіздік жастықшаларының кеңейтілген жиынтығымен, люгі бар панорамалық төбемен, жүксалғыштың электр жетегімен және электр жетегі бар жасырын есік тұтқаларымен толықтырылған.
- Premium (9 900 000 теңгеден бастап): 19 дюймдік жеңіл қорытпалы дөңгелек дискілері, L2 деңгейіндегі ADAS жүргізушіге көмек көрсету жүйелерінің толық пакеті, автоматты тұраққа қою функциясы, жүргізуші орындығының қалпын есте сақтау функциясы, сымсыз қуаттау құрылғысы, рульді электрмен жылыту және 360 градустық айналаны шолу жүйесі бар ең жоғары деңгейдегі жинақтама.

Стильді өзіңіз қалыптастырасыз
BAIC X55 футуристік дизайнды, өнімділігі жоғары турбоқозғалтқышты және қаланың қарқынды өмір ырғағына бейімделген цифрлық технологияларды біріктіреді.
Модельдің басты ерекшелігі — спорттық динамика мен интеллектуалды жабдықтардың үйлесімділігінде. Бұл X55 моделін әр сапарда стиль мен серпінді қозғалысты бағалайтын жүргізушілер үшін тартымды таңдауға айналдырады.
Жинақтамалармен танысуға, автокөлікті сатып алудың қолданыстағы шарттарын нақтылауға және тест-драйвқа жазылуға baic.com.kz сайтында немесе ресми дилерлік орталықтарда болады.