Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл

Павлодар облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге бөлінген 45 млн теңге жымқырылған

Павлодар облысында ауылішілік жолдарды жөндеуге бөлінген 45 млн теңге жымқырылған
Ашық дереккөзден

Ертіс ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде заңдылықтың сақталуына жүргізген тексеру барысында аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды ult.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін «МКК-Элит Строй» ЖШС-не заңсыз түрде 45 млн теңге аударған.

Аталған факті бойынша прокуратура әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қылмыстық кодекстің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Тергеуді Павлодар облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті жүргізуде.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.